Хоккей • 16 Қаңтар, 2023

«Барыс» өз алаңында «Сібірге» қарсы ойнайды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты маусымының матчы өтеді. Онда «Барыс» өз алаңында «Сібірді» қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыс» өз алаңында «Сібірге» қарсы ойнайды

Sports.kz сайтының хабарлауынша, «Барыс» - «Сібір» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

Қазір «Барыстың» 52 ойыннан кейін 48 ұпайы бар. Ал Сібір 51 кездесуден кейін 64 ұпай жинады.

«Барыс» өзінің соңғы тұрақты матчында өз алаңында «Нефтехимиктен» ұтылды (3:5), ал «Сібір» қосымша уақытта «Ақ Барысты» жеңді (4:3). ҚХЛ-дағы соңғы алты кездесудің біреуінде ғана «Барыс» жеңіске жетті.