Елорда • 16 Қаңтар, 2023

Астанада әлеуметтік нысандар салу үшін бірнеше учаске белгіленді

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада әлеуметтік нысандарды салу үшін 420-дан астам жер учаскесі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада әлеуметтік нысандар салу үшін бірнеше учаске белгіленді

Мектеп салу үшін – 158 учаске, балабақшалар үшін – 185, медициналық орталықтар үшін (емханалар, перзентханалар, оңалту орталықтары) – тағы 78 учаске. Медициналық орталықтардың саны жаңа тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында ашылатын медициналық мекемелерсіз көрсетілген. Әлеуметтік нысандарды салу үшін жер учаскелерінің саны жыл сайын ұлғаяды.

Елордада тұрғындардың қатысуымен 2035 жылға дейінгі қаланың бас жоспарының жобасы талқыланып жатыр. «Астана бас жоспарында» болашақ әлеуметтік нысандардың (мектептер, медициналық орталықтар, балабақшалар) орналасуы туралы айтылды. Қаланың бас жоспары жобасы аясында түрлі бағыттар талқыланады: қаланы дамыту, халық саны, әлеуметтік нысандар салу, көлік инфрақұрылымын перспективалы дамыту, 2035 жылға дейін нысандарды бұзу және т. б.

Астананың бас жоспарының жобасы талқылау сатысында тұр.