Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023

Алматы көшелерінің бірінде жылу желісі істен шықты

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түнде Алматы қаласындағы «Жайлы» тұрғын үй кешенінің аумағында жылу желісі істен шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы көшелерінің бірінде жылу желісі істен шықты

Желіде жер астынан судың ағып жатқаны бейнеленген видео пайда болды.

Алматы жылу энергетикалық кешені мен ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин Алмалы ауданында Сайран көлінің жанында орналасқан «Жайлы» тұрғын үй кешенінің аумағында жылу желісінің істен шыққаны туралы хабарлады.

«Апат орнына шұғыл түрде «Алматы жылу желілері» ЖШС бригадасы шықты. Ол 2003 жылы пайдалануға берілген тарату құбыры учаскелерінің біріндегі ақаудың салдарын жойды. Бұл тұрғын үй кешеніне жатады. Таңғы сағат 8-ге дейін кешен тұрғындарына жылу мен ыстық су беру толық көлемде қалпына келтірілді. Зардап шеккендер мен қандай да бір залал туралы ақпарат түскен жоқ», деді Ян Гирин.

Жақында Алматыда Мыңбаев көшесінде су құбыры бұзылып, нәтижесінде бірнеше көше су астында қалған еді.