Хоккей • 16 Қаңтар, 2023

Универсиада: Қазақстан хоккейшілері Ұлыбритания командасынан озды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хоккейден Қазақстан құрамасы АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында 2023 жылғы Универсиадада үшінші кездесуін өткізді. Қарсыласы Ұлыбритания құрамасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Универсиада: Қазақстан хоккейшілері Ұлыбритания командасынан озды

Қазақстан құрамасы 15:1 есебімен басым түсіп, турнирдегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Матчтың есебін Батырлан Мұратов ашып, британдықтардан Сэмюэл Роджерс есепті теңестірді. Қазақстан алғашқы үзіліске дейін 5 шайба соғып, алға шықты. Гол авторлары – Батырлан Мұратов (дубль), Максим Мухаметов, Всеволод Логвин, Иван Гавриленко және Артем Королев. 

Қазіргі уақытта бұл Қазақстанның Универсиададағы ең ірі жеңісі. Бұған дейін Оңтүстік Кореяны (5:1) және Венгрияны (9:1) ұтқан болатын.

Қазақстан келесі ойынын 17 қаңтарда Словакиямен өткізсе, келесі күні АҚШ құрамасымен кездеседі.

Сонымен қатар, параллель топта Канада, Чехия, Жапония, Латвия, Швеция және Украина елдері өнер көрсетеді Әр топтан бірінші орын алған екі команда плей-офф кезеңіне өтеді.