Елорда • 16 Қаңтар, 2023

Елордада Мексика елшілігі ашылады

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елордада Мексика елшілігі ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Мексика елшілігі ашылады

«2023 жылғы 12-13 қаңтарда Мехика қаласында Мексиканың Сыртқы істер министрі Марсел Еврардтың сол елде аккредиттелген дипломатиялық корпуспен 34-ші жыл сайынғы кездесуі өтті. Министр өз сөзінде биылғы мақсаттар туралы айта отырып, 2023 жылы Мексика 5 жаңа елшілікті, оның ішінде Қазақстанда да елшілік ашатынын ресми түрде жариялады. Қазақстан Мексика үкіметінің шешімін құптайды және Мексиканың Астанада елшілік ашуына көмек көрсетуге дайын», деді ол брифинг барысында.