Қоғам • 16 Қаңтар, 2023

Нұрлан Мәсімовке тағы екі іс бойынша айып тағылды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Павлодар облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты істерді қарау тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Мәсімовке тағы екі іс бойынша айып тағылды

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Нұрлан Мәсімовке қатысты материалдар қаралып жатыр. Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы қазір сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сот үкімін күтіп, тергеу изоляторында жатыр.

Ол сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 234-1-бабы бойынша түскен екі іс бойынша өтетін әкімшілік сот отырысына қатысады. Ол бапта лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салу жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, өткен жылдың шілде айында іздеуде жүрген полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған жерінен ұсталған еді.