Қазақстан • 17 Қаңтар, 2023

Бас прокуратура экстрадицияланған күдіктілердің есімдерін атады

231 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында 34 мемлекетпен 72 салада екіжақты шарт жасасты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Бас прокуратура экстрадицияланған күдіктілердің есімдерін атады

Олар:

  • қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы;
  • қылмыскерлерді ұстап беру туралы;
  • сотталған адамдарды беру туралы.

Сонымен қатар Қазақстан құрамына Солтүстік және Оңтүстік Американың 27 елі кіретін 3 америкааралық конвенциялардың (ұстап беру туралы, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы, шетелде қылмыстық жазасын өтеу туралы) толық қатысушысы болып саналады.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Перу Республикасымен барлық шарттар, Малайзиямен ұстап беру туралы, Мысырмен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы және ұстап беру туралы шарттар мақұлданған және қол қоюға дайын.

Парламентте Франциямен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы және Өзбекстанмен сотталған адамдарды беру туралы шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары қаралып жатыр.

Мысыр және Израильдік әріптестермен сотталғандарды беру, Аргентинамен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және ұстап беру, Португалия, Словакия, Латвия және Иранмен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы, ал Мароккомен барлық үш келісімге қол қою жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Қол жеткізілген құқықтық база және шетелдік әріптестермен орнатылған байланыстар қылмыстық-құқықтық салада тығыз ынтымақтасуға және қылмыскерлерді жазалаудың бұлтартпастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

2022 жылы іздеуде жүрген адамдарды ұстап беру туралы 50 сұрау салу шет мемлекеттермен қанағаттандырылған.

«Өткен жылы Бахрейн Корольдігінен кәмелетке толмағандар саудасына, атап айтқанда, қыздарды Қазақстаннан Бахрейнге жыныстық пайдалануға жібергені үшін күдікті А.Пичугина ұстап берілген. Сол сияқты «РБК Банкі» АҚ-ның 15 млн АҚШ долларынан астам сомасын ұрлады деген күдікті В.Власов, қаржы пирамидасын («Qi TRADE Kazakhstan», «Выгодные займы») құрғаны және басшылық еткені үшін іздеуде жүрген С.Абсаметова, Б.Томин және Е.Шарифуллин, сондай-ақ құрамында 1 млрд теңгеден астам сомаға алтыны бар материалды қылмыстық топтың құрамында ұрлағаны үшін А.Тимаков Ресеймен ұстап берілген. Трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамында аса ірі мөлшерде алтын мен зергерлік бұйымдардың экономикалық контрабандасы үшін іздеуде жүрген Тастан Эбубекирді ұстап беру туралы сұраныс Қырғызстанмен қанағаттандырылған. Атыс қаруын қолдану арқылы ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген О.Иссалы мен Б.Исабеков Тәжікстаннан экстрадицияланған. Алаяқтық жолымен 288 млн теңгені ұрлық жасағаны үшін Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеп жүрген А.Смалбаеваны Өзбекстан тарапы ұстап берген», делінген Бас прокуратура хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар

Өнеркәсіп қуатын арттыру міндеті

Экономика • Бүгін, 09:45

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Бүгін, 09:18

Көмірдің жылдағы жыры

Мәселе • Бүгін, 09:10

Халық тілегі қалыс қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Бүгін, 08:52

Алаяқтарға қарсы күрес күшейді

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:45

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Бүгін, 08:43