Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023

Ұлытауда теміржол бойындағы қоршаулар алынды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы аумағында киіктердің қалың нөпірі байқала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлытауда теміржол бойындағы қоршаулар алынды

Мұндай жағдай ашатұяқты жануарлардың жылы жаққа қоныс аударып үлгермеулерінің салдарынан туындаған.

«Ұлытау облысы әкімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ұлытау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ, Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ММ, «Охотзоопром» ӨБ РМҚК-нің мамандары және Жаңаарқа ауданының әкімдігімен қоса жануарларға аса қауіпті аймақ саналатын теміржол бойында орналасқан темір торларды ашып, киіктердің тосқауылсыз өтуіне жағдай жасады», деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұл жұмыстарға Қазақстан Республиксының ҚТЖ басқармасы көмектесіп жатыр.