Жұмыс тобы аясында Ұлттық экономика министрлігінің Салық және Бюджет кодекстерінің жобасының әзірлеу барысы туралы мәліметі тыңдады.
Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне бірлескен мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қолданыстағы салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды экономика секторлары, оның ішінде банк секторы жағдайында олардың тиімділігі тұрғысынан талдауды, ақпан айының бірінші онкүндігінде талқылау үшін Салық және Бюджет кодекстері жобасының тұжырымдамалық мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүктеді.
Сондай-ақ Ерұлан Жамаубаевқа «Ұлттық қор – балаларға» жобасының жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдар тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге кірісті.