Тағайындау • 17 Қаңтар, 2023

Алматы облысының Талғар ауданына жаңа әкім тағайындалды

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таңат Айдарбеков Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының Талғар ауданына жаңа әкім тағайындалды

«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және аудандық мәслихатпен келісе отырып, Алматы облысы әкімінің өкімімен Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды», деп жазылған Алматы облысы баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев облыс активіне жаңа әкімді таныстырып, аудан әкімдігінің алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттер мен басым мақсаттарға тоқталды.

Облыс әкімінің айтуынша, облыс экономикасына инвестиция тарту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарының сапасы мен нысандардың уақтылы пайдалануға берілуін бақылау жұмыстарын күшейту, құрылыс жұмыстарын жалғастыру қажет. 

Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков 1971 жылы дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Қазақстан халықтар достығы инженерлік-педагогикалық университетінде «Заң бакалавры» мамандығын игерді.

Еңбек жолын 1996 жылы «Қуаныш» акционерлік қоғамында есепші болып бастаған. Осы жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы, Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы бойынша қазынашылық басқармасының басшысы қызметтерінде болған.

2021 жылдың маусым айынан бастап Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы қызметін атқарған