Президент • 17 Қаңтар, 2023

Президент БАӘ Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Премьер-министрінің орынбасары шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент БАӘ Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

Кездесу барысында Мемлекет басшысының БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянмен бүгінгі келіссөзінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.

Сондай-ақ экономиканың түрлі саласындағы бірлескен бастамалар мен жобаларды жүзеге асыру жұмысын жандандыру қажет екеніне назар аударылды.