Бұған дейін ұйымның президенті қызметін Ғалым Хұсайынов атқарған.
Тимур Турлов 1987 жылы 13 қарашада Мәскеуде дүниеге келген. 2004 жылы Мәскеу мемлекеттік университеті экономика және басқару факультетіне оқуға түсті. Университетті бітіргеннен кейін Тимур Турлов «экономист-менеджер» мамандығы бойынша диплом алды, сонымен қатар брокерлік, дилерлік қызмет және бағалы қағаздарды басқару қызметі бойынша қаржы нарығының маманы ретінде қосымша оқудан өтті.
2003 жылы ол World Capital Investments (WCI) компаниясында сауда жасай бастады. 2005 жылдан 2008 жылға дейін «Uniastrum Bank» инвестициялық бөлімшесінің қызметкері болды, ол АҚШ қор нарығындағы операцияларға қатысты.
2011 жылы Қазақстанға көшіп келді.
2013 жылы Тимур Турлов Алматыда «Freedom Finance» АҚ брокерлік компаниясын ашса, 2015 жылы Freedom Holding Corp. құрылды.
2022 жылы отбасымен Қазақстанда 10 жылдан астам тұрған Тимур Турлов ресми түрде Қазақстан Республикасының азаматтығын алды.