Аймақтар • 18 Қаңтар, 2023

Арқалықта қызды құтқарған полицейлердің ата-аналары марапатталды

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай облысы ПД бастығы Арқалықта қызды құтқарған полицейлердің ата-аналарын марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Арқалықта қызды құтқарған полицейлердің ата-аналары марапатталды

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков жыл қорытындысы бойынша жедел кеңес барысында батылдық танытқан және қызметтік міндеттерін адал атқарған, ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттады.

Осылайша қызды құтқарған Арқалық қаласы полиция басқармасының қызметкерлері көрсеткен ерлігі үшін марапатталды. Патрульдік полиция взводы қызметінің инспекторы Алмат Әмірханға «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табысталды. Оның әріптесі Руслан Қапсаматовқа «Ішкі істер органының үздігі» төсбелгісі тағылды. Қызметкерлерден басқа, Ерлан Омарбеков полиция қызметкерлерінің ата-аналары Руслан Қапсаматовтың анасы Нұрсауле Дүйсебекова мен Алмат Әмірханының әкесі Ерлан Жарасовқа алғысын білдірді. Оларға Қостанай облысы полиция департаментінің алғыс хаттары табысталды.

л

– Осындай ұлдарды тәрбиелегендеріңіз үшін шын жүректен сіздерге алғысымды білдіремін. Бұл өзгелерге үлгі боларлық іс. Сіздер осындай шұғыл жағдайда дұрыс шешім қабылдай білдіңіздер. Қызметтеріңізде табыс тілеймін, – деп атап өтті департамент бастығы Ерлан Омарбеков.

«Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен Жітіқара қаласында қылмыс орнында ұялы телефон ұрысын ұстаған Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкері Айдархан Мәдиев марапатталды. Төсбелгілер Жангелдин ауданы әкімдігінің Шиелі ауылдық округінің әкімі Ербол Досмағанбетовке және Жангелдин ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Жантөре Қаленге әкімшілік-аумақтық учаскеде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға қосқан үлесі үшін табысталды.

л

Еске салайық, Жангелдин ауданының екі ауылында алкоголь сатуға тыйым салынғандықтан, бірнеше жыл бойы қылмыс тіркелмеген. Сондай-ақ Рудный қаласының полиция басқармасы, Әулиекөл, Қарасу, Амангелді, Жангелдин аудандарының полиция бөлімдері «Үздік полиция бөлімшелері» деген атаққа ие болды. 

л