Аймақтар • 18 Қаңтар, 2023

Петропавлда сауда орталығынан өрт шықты

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 10.44-те Петропавл қаласындағы «Магнум» супермаркетінің 1-қабатынан өрт шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда сауда орталығынан өрт шықты

«Бұл сауда үйі адам көп жиналатын объект болғандықтан оған жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру көліктері келіп, дереу өртті жоюға кірісті. Өрт сөндірушілердің уақытылы келуі мен келісілген әрекеттерінің арқасында өрттің көршілес тығыз орналасқан сауда нүктелеріне одан әрі таралуына жол берілмеді. Өртті сөндіру қатты түтінмен қиындады», делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрт 11.28-де оқшауланып, 12.04-те жойылған. Қаза тапқандар мен мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі мен залалы анықталып жатыр.

Ведомство мәліметінше, өртті жоюға СҚО ТЖ департаментінің жеке құрамының 37 адамы және 12 техника бірлігі қатысқан. Өрттің ауданы 30 шаршы метр.

«Сауда орталығының ғимаратынан 250 қызметкер мен нысанға  келушілер эвакуацияланды. Психологиялық қызмет тобының қызметкері эвакуацияланғандардың бір бөлігімен стресстік жағдайды жою бойынша жұмыс жүргізді. Олар өрт сөндіру қызметінің вахтасына және жақын маңдағы кафеге жылыну үшін орналастырылды. Онда оларға  ыстық шай ұсынылды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілін қалай оқытамыз?

Қоғам • Бүгін, 09:05

Тыңғылықты жұмыс

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:00

Қызметі тегін емхана

Алматы • Бүгін, 08:55