Қазақстан • 18 Қаңтар, 2023

Биыл Байқоңырдан қанша зымыран тасығышы ұшырылады?

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байқоңыр ғарыш айлағында биылғы жылдың алғашқы ғарыштық ұшыруларына дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Байқоңырдан қанша зымыран тасығышы ұшырылады?

Алғашқы ұшырулардың бірі 2023 жылдың 5 ақпанына жоспарланған. Ұшыру жоспарына сәйкес, бұл күні Байқоңыр ғарыш айлағының 81-ші алаңынан ДМ-03 үдеткіш блогы және №4 «Электро-Л» геостационарлық гидрометеорологиялық спутнигі бар «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылады.

- «Южный» ғарыш орталығы мен «Лавочкина ҮЕҰ» АҚ мамандары №4 «Электро-Л» ғарыш аппаратын отын компоненттерімен толтыру бойынша операцияларды аяқтады», - деп хабарлады Жердегі ғарыш техникасын пайдалану орталығы.

Жанармай құю станциясындағы технологиялық операциялар 4 күн бойы жалғасты. Бұдан әрі ғарыш аппараты Байқоңыр ғарыш айлағының № 31 алаңының техникалық кешеніне жеткізілді.

Айта кетсек, «Протон» ұшырылымы 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың басына шегерілді. Өткен жылы Байқоңырдан бір ғана «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылған еді.