Коронавирус • 19 Қаңтар, 2023

Коронавирус жұқтырған 9 адамның жағдайы ауыр

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте 101 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған 9 адамның жағдайы ауыр

19 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 967 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 154 пациент стационарда, 1 813 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 9 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.