Тағайындау • 19 Қаңтар, 2023

Екібастұз әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз әкімі аппаратының басшысы болып Жандарбек Төребеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұз әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

1994 жылы туған, жоғары білімі бар. Мемлекеттік қызметте алты жылдан астам уақыт істеп келеді.

Жандарбек Төребеков еңбек жолын Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік қызметкер болып бастады. Әр жылдары Ақсу қаласы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы, Ақсу қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.

Бүгінге дейін Жандарбек Төребеков Павлодар облысы әкімі аппаратының хаттамалық-ұйымдастырушылық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше