Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023

Павлодарда бірнеше көшеде электр жарығы өшіріледі

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Павлодарда электр желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде жарық уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда бірнеше көшеде электр жарығы өшіріледі

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын «Горэлектросеть» мекемесінің қызметкерлері жүргізеді. Осыған байланысты сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін бірнеше нысанда электр энергиясы өшіріледі.

Атап айтқанда, Генерал Дүйсенов, Толстой, Астана, Исиналиев көшелеріндегі тұрғын үйлерде жарық болмайды.