Тағайындау • 19 Қаңтар, 2023

Жетісу облысы Қаратал ауданының әкімі тағайындалды

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу ауданының әкімі Досымбеков Ұлан Әлдібекұлы Қаратал ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысы Қаратал ауданының әкімі тағайындалды

Досымбеков Ұлан Әлдібекұлы 1984 жылы дүниеге келген. Жоғарғы білімі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, У.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын бітірген, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құқықтану, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Көксу аудандық мәслихатының бас маманы болып бастады.

Алғабас ауылдық округінің әкімі, әкім аппаратының меңгерушісі, Көксу ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылдың қарашасынан бастап Қаратал ауданы әкімінің орынбасары.

Облыс әкімінің өкімімен Ерлан Шойұлы Исабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қаратал ауданының әкімі қызметінен босатылды.