Әлем • 19 Қаңтар, 2023

Арменияда әскери бөлімнің 15 қызметкері қаза тапты

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Армениядағы әскери бөлімдердің бірінде ірі өрт шығып, 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арменияда әскери бөлімнің 15 қызметкері қаза тапты

Армения қорғаныс министрлігінің мәліметінше, өрт 19 қаңтарға қараған түні Гегаркуник ауданындағы Азат ауылында орналасқан инженерлік ротаның казармасынан шыққан.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан 15 әскери қызметкер қаза тапты, 3 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Басқа мәліметтер хабарланбайды.