Саясат • 19 Қаңтар, 2023

А.Әбілдаев «Ақ жол» партиясынан шығарылады

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясына А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы хат жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Әбілдаев «Ақ жол» партиясынан шығарылады

Бүгін Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өтті.

Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты  А.Әбілдаевтың журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан пікірлері сараланып, тиісті саяси баға берілді.

Ұлттық кеңес мүшелері А.Әбілдаевтың сөздері «Ақ жол» партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық, сондай-ақ депутаттық этиканы да бұзып тұрғанына баса назар аударды.

«Кеше партия президиумы хабарлағандай, «Ақ жол» партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды», деп жазылған «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.