Былтыр желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, жастардың жас шегі 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтылғаны белгілі. Бұл – жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер етіп, баспана сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік бермек.
Әу баста жастар «мұндай өзгерістің не керегі бар?» деп жаңашылдыққа атүсті қарағаны рас. Кезекті өзгерістің бірі деп қабылдап, қолды бір сілтегендер де болды. Жаңа заң жобасында «жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтуге бағытталған түзетулер көзделген. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік стратегиялық жоспарлау құжаттарына, оның ішінде аймақтарды дамыту бағдарламаларына жастармен жұмыс бойынша нақты индикаторлар, бағалау критерийлері және күтілетін нәтижелер енгізіледі» дегенді естіген жастардың баспана алуға деген үміт оты қайта жанып, жаңа бағдарламаларды, жаңа өзгерістерді күтіп отырғаны белгілі. Аядай ғана пәтер жеңілдікпен жалға берілсе де оның өзі әжептәуір көмек. Әйтпесе, тапқан табысын жалдамалы пәтерақысына төлеп, үй сатып алуға қаражат жинай алмай жүргендер қаншама?!
Рас, жастардың жанды жері – баспана мәселесі. Осы уақытқа дейін баспана үлестіру бойынша қабылданған бағдарламалар мәселені түпкілікті шеше алмай келеді. «Мемлекеттік бағдарламамен үй алдым» деген жас отбасының қуанышының ар жағында үрей бары анық. Ол – денсаулығым сыр бермей, жұмысым тұрақты болып, 25-30 жыл ішінде ипотеканы төлеп құтылсам деген қорқыныш. Қай бағдарламаны алып қарасаңыз да, өміріңнің жартысын ұрлайтын, алаңсыз ұйқыдан айыратын, дүкендегі кір сабынның бағасына дейін назар аудартатын саясатқа құрылған. Бұл – баспаналы болдым деген жастардың басындағы әңгіме. Осыдан кейін үй-күйсіз жүрген жастардың тағдыры айтпаса да түсінікті шығар.
Бағдарламалардың әлегі бір бөлек, үй алуға жұмыссыздық мәселесі, табыстың төмендігі, несие тарихының бұзылуы сияқты факторлар да кедергі келтіріп отыр. «Төлей алмаса, несиені несіне алады?» деп кінә арта алмайсыз. Тұрмыстың тауқыметін тартқаннан алады да. Әйтпесе, табысы шығындарын жауып, келесі айдың жалақысына дейін жетіп артылса, банктің табалдырығын тоздырып несі бар?! Мұны айтып отырғанымыз, мемлекет қанша жерден бағдарлама қабылдағанымен, оған қатысуға жалақысы төмен, несие тарихы нашар жастарға мүмкіндік аз. Банктер маңына да жолатпайды. Ал мұндай санаттағы жастар көп. Ауылдағы жастар былай тұрсын, облыс орталығында «тәуір қызмет істеп жүр» деген қыз-жігіттердің өзі баспана алудың талаптарына сай келмейді. Әкімдіктің айналасында жұмыс істейді деген жастардың бәрі бірдей баспаналы бола алады дей алмаспыз. Мемлекетке масыл болып, жастарға тегін үй бер деуден аулақпыз. Жастардың сұрайтыны – баға тұрақтылығы, жеңілдетілген жалдамалы пәтер, мемлекеттің қолжетімді баспана салып беруі. Жастар жаңа заңның қабылдануы бұл түйткілдердің тарқатылуына сеп болатынына сенімді.
Жасыратыны жоқ, жастардың бар сенері – мемлекеттік бағдарламалар. Әйтпесе, қазіргі нарық заманында үй алудың басқа тетігі жоқ сияқты. Мал құнсызданып кетті. Яғни ауылдағы әке-шешеңнің асырап отырған малына көз аларта алмайсың. Жайылым тапшы, шөп бағасы қымбат, ауылдағылар баласына үй сатып әперу былай тұрсын, азын-аулақ малын күнкөріс есебінде ұстап отырғаны мәлім. Несие алудың машақатын жоғарыда айттық. Жалақының түрі мынау. Бай туысыңның өзі қарызға бес мың теңгені қиналып беретіндіктен, «ол жақтан» үй алуға көмек болатынына сенім аз.
Адам өзі қай мәселеге бас ауыртса, сол саланың маманы болып шығатынын аңғармай қалады екен. Қаржылық сауаты артқан тұрғындар банкада ақша сақтағаннан гөрі банкте сақтаған тиімді екеніне көз жеткізе бастады. Сақтағаннан не пайда? Үй бағасы жылдан-жылға өсіп жатыр. Қажетті соманы жинап үлгермейсің. Қысқасы, мемлекет жастардың баспаналы болуы үшін тиімді бағдарлама әзірлемесе, қоғамда жұмыссыздық, ажырасу, заң бұзушылық секілді кеселдер белең алып, елдің дамуына кері әсерін тигізбей қоймайтыны анық.
Қоғам • Бүгін, 23:16
Қоғам • Бүгін, 23:11
Қазақстан • Бүгін, 23:09
Білім • Бүгін, 23:06
Әскери борыш: Бейбіт күндегі берекесіздік
Қоғам • Бүгін, 23:00
Аймақтар • Бүгін, 22:52
Отандық стартаптың жаһандық қадамы
Технология • Бүгін, 22:46
ТіkTok және мұғалім әдістемесі
Білім • Бүгін, 22:45
Шектеулер шырмауындағы майнинг фермалар
Экономика • Бүгін, 22:42
Технология • Бүгін, 22:39
Жәдігер • Бүгін, 22:34
Актер. Әнші. Сазгер Болат Сыбанов туралы сөз
Театр • Бүгін, 22:30
Өнер • Бүгін, 22:26
Әдебиет • Бүгін, 22:20
Аймақтар • Бүгін, 22:18
Өнер • Бүгін, 22:12
Өнер • Бүгін, 22:09
Жәдігер • Бүгін, 22:06
Теннис • Бүгін, 22:00
Таразда синтетикалық есірткі сатушы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 21:55
Юлия Путинцева WTA-250 турнирінің екінші айналымына өте алмады
Спорт • Бүгін, 21:46
Хоккейден Қазақстан құрамасы Эстонияны жеңді
Спорт • Бүгін, 21:30
«Есірткісіз қала»: Астанада такси жүргізушілері флешмоб өткізді
Елорда • Бүгін, 21:22
Спорт • Бүгін, 21:17
Спорт • Бүгін, 21:17
Каспий жағалауындағы өрт ошағын анықтау үшін тікұшақ жұмылдырылды
Аймақтар • Бүгін, 21:08
Алматы облысында су тасқынына қарсы шаралар жүргізілді
Аймақтар • Бүгін, 20:49
Ертең екі облыста тұман түседі
Ауа райы • Бүгін, 20:36
Қазақстанда Digital Justice қызметі іске қосылады
Қазақстан • Бүгін, 20:19
Жәутіков олимпиадасына әлемнің 25 елінен оқушылар келді
Қазақстан • Бүгін, 19:52
Ұлытауда жүргізушінің көлігінен қару мен киік еті табылды
Оқиға • Бүгін, 19:34
Лицензия алмаған мектептерге айыппұл салынады
Білім • Бүгін, 19:27
Ақтөбе тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 19:12
Мюнхенде Қазақстан-Бавария инвестициялық дөңгелек үстелі өтті
Қазақстан • Бүгін, 18:58
БҚО тасжолында жол апатынан екі бала зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 18:55
«AMANAT» партиясының кадрлық ресурсы жеткілікті – Ерлан Қошанов
Қоғам • Бүгін, 18:46
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 18:19
Анталияда тоғыз құмалақ пен асық атудан жарыс басталды
Спорт • Бүгін, 18:07
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:46
Қазақстан мен Эстония екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Ұқсас жаңалықтар