Саясат • 20 Қаңтар, 2023

ОСК депутат Азамат Әбілдаевтың өкілеттігін тоқтатты

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше елордада «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Соның қорытыныдысы бойынша Орталық сайлау комиссиясына А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы хат жолданған еді, деп жазады Egemen.kz.

ОСК депутат Азамат Әбілдаевтың өкілеттігін тоқтатты

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевты өкілеттігінен айыру туралы шешім қабылдады.

Еске салайық, партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты  А.Әбілдаевтың журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан пікірлері сараланып, тиісті саяси баға берілген еді.