Қазақстан • 20 Қаңтар, 2023

Ғани Бейсембаев облыстық әдістемелік орталықтар басшыларымен кездесті

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі облыстық әдістемелік орталықтар басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғани Бейсембаев облыстық әдістемелік орталықтар басшыларымен кездесті

Кездесуде ведомство басшысы тараптардың ұсыныстары мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы президентінің баяндамасын тыңдады.

Қазақстанда 3 мыңға жуық әдіскер бар. Олардың көпшілігі 2022 жылы академияның білім беру саласындағы өзекті мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдарын әзірлеу бойынша 50-ден астам іс-шарасына қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрі бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, олар педагогтер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және әдістемелік орталықтар бойынша үлгілік ережені әзірлеуге қатысты болды.