Қоғам • 20 Қаңтар, 2023

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайрат Құдайбергеннің қамау мерзімі екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметі бойынша, 20 қаңтарда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының арызы қанағаттандырылып, тергеу материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін ұзартуға санкция берді. Қайрат Құдайбергенге қатысты қылмыстық істі 2 ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 21 наурызына дейін ұзартты», деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны 2022 жылдың 22 сәуірінде белгілі болды.

Алматы прокуратурасы алдын ала мәлімет бойынша, Қайрат Құдайберген «Дикий» Арманмен бірге қаңтар оқиғасы кезінде наразылық білдірушілерді біріктіру үшін бір топ адамды жинағанын хабарлады.

Шілде айында Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылды.