Ауа райы • 20 Қаңтар, 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады.

Республиканың батыс және оңтүстік бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Ал еліміздің солтүстік, шығыс және орталығының синоптикалық жағдайына Баренц теңізінің аудандарынан циклон әсер етеді, қар жауып, жел күшейеді. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.