Саясат • 20 Қаңтар, 2023

20 жасқа толған ҚР азаматы мәслихат депутаттығына кандидат бола алады

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 жасқа толған ҚР азаматы мәслихат депутаттығына кандидат бола алады

«Мәслихат депутаттарын сайлау жөнінде айтатын болсақ, елімізде түрлі деңгейдегі 223 мәслихат бар. ОСК қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихаттарда мандаттар саны – 3415 екені анықталды. Олардың барлығы 19 наурыздағы сайлауға қатысады», деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Спикердің айтуынша, 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаттығына кандидат бола алады. Бұл ретте облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың мәслихаттарына депутаттардың 50%-ы мажоритарлық жүйе бойынша, 50%-ы партиялық тізімдер бойынша сайланады. Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына сайлау толығымен мажоритарлық жүйеде өтетінін атап өту қажет. Егер мәслихатта 30 депутаттық мандат болса, оның 15-і партиялық тізім бойынша және 15-і аумақтағы бірмандатты аумақтық округтер бойынша сайланады», деп нақтылады Константин Петров.