Қоғам • 20 Қаңтар, 2023

Тұңғыш Президенттің қазіргі жағдайы жақсы - кардиохирург

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаевқа жасалған ота өткен жылы жоспарланған еді. Бұл туралы белгілі кардиохирург Юрий Пя мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұңғыш Президенттің қазіргі жағдайы жақсы - кардиохирург

Кардиохирург 2022 жылы жоспарланған ота неге бүгін жасалғанын түсіндірді.

«Тұңғыш Президенттің жұмыс кестесіне байланысты отаны оған ыңғайлы болған кезде өткізуді шештік. Ота бүгін жасалды. Әр адам өзіне қатысты жеке ақпаратты жарияламауға құқылы. Бірақ ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті болғандықтан біз журналистердің сұрақтарына жауап бере аламыз», деді Юрий Пя.

Ми

Ол операция сәтті өткенін хабарлады.

«Бүгінде еліміздің медицинасына деген сенім өсіп келеді. Мен әр науқасқа ең жақын адам ретінде қараймын. Аурухана табалдырығын аттаған кез келген адамның денсаулығы үшін үнемі уайымдаймын», деп қосты Юрий Пя.

Оның айтуынша, қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы.

«Жақын арада ол ауруханадан шығарылады. Ота шамамен 2,5 сағатқа созылды», деп атап өтті хирург.