Қаржы • 20 Қаңтар, 2023

Қор нарығында доллар арзандады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 462,55 теңгені құрап, 0,30 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қор нарығында доллар арзандады

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 68,10 теңгені (-0,15) құрады.

Еуро және рубль бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 501,04 теңгеге, рубльді – 6,73 теңге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 462-465,6 теңгеден, еуроны – 501-506 теңгеден, ресей рублін – 6,45-6,7 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 20 қаңтардағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы өсті.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында наурыз айындағы Brent мұнай фьючерстерінің құны 0,12%-ға көтеріліп, барреліне 86,26 долларды құрады.

NYMEX Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстерінің ақпан айындағы бағасы 0,21%-ға өсіп, барреліне 80,5 долларға жетті.