Қазақстан • 20 Қаңтар, 2023

Елордада Ұлттық ұланның оқу-әдістемелік жиындары өтіп жатыр

441 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшыларымен, Ұлттық ұлан Академиясының бастығымен, құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлерімен және олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарларымен, өңірлік қолбасшылықтар мен тікелей бағынысты бөлімдердің, Әскери полиция бөлімдерінің бастықтарымен оқу-әдістемелік жиындар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Ұлттық ұланның оқу-әдістемелік жиындары өтіп жатыр

Екі күн ішінде басшылық құрам офицерлерінің атыс, дене шынықтыру, әскери-инженерлік даярлық, РХБЗ, техникалық және әскери-медициналық даярлық бойынша практикалық дағдылары тексеріліп, қару-жарақ пен әскери техниканың, арнайы құралдардың, байланыстың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен қоса кәсіби-лауазымдық даярлықтың негізгі пәндері бойынша сынақтар қабылданды.

д

Сабақтың негізгі бөлігі дала жағдайында өтті. Алғашқы күні ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Майлан» далалық оқу орталығында, екінші күні ҚР Ұлттық ұланының «Қаптағай» біріккен оқу орталығында сынақтар қабылданды.

Мемлекеттік күзет қызметінің полигонында қолбасшылар, командирлер, сондай-ақ олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары үшін «арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әрекеті, парашютсіз түсіру және көрсетілген шекараны басып алу бойынша» көрнекі сабақ ұсынылды.

«2022 жылдың жазында Алматы облысының Жетіген кентінде оқу-әдістемелік жиындар өткізілген. Қазір біз Астана маңындағы екі түрлі полигонда өткізіп жатырмыз. Жедел дайындық барысында офицерлермен практикалық сабақтар өткізуге басты назар аударылады. Командирлер мен олардың орынбасарлары Ұлттық ұланның қарулануында тұрған әртүрлі позициялар мен қару-жарақ түрлерін: тапаншаларды, автоматтарды, тегіс ұңғылы мылтықтарды, гранатаатқыштарды және қыс мезгілінде ірі калибрлі пулеметтерді ату бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ жауынгерлік гранаталарды лақтыруда және броньды машиналардан атыс жүргізіліп жатыр», деді Жауынгерлік даярлық Бас басқармасының бастығы полковник Нұрлан Мұхамедов. 

Жиын барысында офицерлермен құқықтық тәртіп әскерлерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін қамтамасыз етудің негізгі түрлері бойынша оқу-әдістемелік, нұсқаулық және көрнекі сабақтар өткізілді. 

з

Айта кетейік, жедел даярлық шеңберінде офицерлерге «Ұлттық ұланның жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық жұмысты ұйымдастырудың жаңа ережелері» таныстырылды.