Жиын барысында «Ордабасы», «Сауран», «Сарайшық» және «Есік» визит орталықтарының салу жұмыстарын аяқтау туралы айтылды. Визит орталықтары заманауи стандарттар бойынша құрылып, азаматтардың ұйымдастырылған демалысын қалыптастырады.
Сонымен қатар Астана қаласында «Бозоқ» ұлттық паркінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Алматыда Орталық мемлекеттік архив жанынан архив қоймасын салу біздің алдымызға қойылған тағы бір маңызды міндет. Орталық мемлекеттік архив қоймасын кеңейту – тарихи-мәдени мұраның бай қабатын сақтау және оған қосылу мүмкіндігі», деді Асхат Оралов.