Қоғам • 20 Қаңтар, 2023

Мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы өсті

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы екі есеге жуық өсті. Бүгінде елімізде осындай 5 ұйым бар, алайда Мәдениет және спорт министрлігі аталған нысандардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін кеңейтілген алқа отырысында министр Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы өсті

Министр биыл мәдениет саласының тартымдылығын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілетінін айтты.

«Биыл да сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту назардан тыс қалмайды. Шығармашылық жоғары оқу орындарындағы концертмейстерлер, сондай-ақ үрмелі музыкалық аспаптарда ойнайтын мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлері, би ансамблі артистерінің әл-ауқатын көтеру жоспарланып отыр. Осы орайда заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кетті», деді Асхат Оралов.