Спорт • 22 Қаңтар, 2023

Елмираға ел риза

2421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Ницца қаласында күрес түрлерінен 1924 жылы Париж Олим­пиадасының жеңімпазы атанған атақ­ты балуан Анри Дегланды еске тү­сі­руге ар­налған Гран-при турнирі аяқ­тал­ды.

Елмираға ел риза

Аталған жарыста Елмира Сыздықова табысты өнер көрсетті. Кезінде бұл спортшымыз Азия чемпионатында алты (1 алтын+2 күміс+3 қола) жүлдені олжалап, Азия ойындарында қола медальді қоржынға салды. 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында алауы тұтанған Олимпия ойындарында үшінші орынға табан тіреді. Одан бөлек, Сыздықованың басқа аса ірі халықаралық додаларда жеңіп алған жүлделері жетерлік. Бірақ ауыр жарақат алуы­на байланысты былтыр ол бірде-бір жарысқа қатыспады. Есесіне, биылғы маусымды ол жарқын жеңіспен бастады. Ниццадағы турнирде барлық қарсыласын сыпыра ұтқан Елмира алтын медальді мойнында жарқыратты.

Біз оған алдағы жарыстарда да сәттілік ті­лейміз. Қазіргі кезде отандық балуандар арасынан әлемдік деңгейдегі додаларда жалғыз Жә­мила Бақ­бергенова ғана жүлде алып жүр. Енді Елмира да сол биіктен көрінеді деп үміт­тенеміз.