Хоккей • 23 Қаңтар, 2023

Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдегер атанды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хоккейден Қазақстанның студенттік құрамасы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиадада қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдегер атанды

22 қаңтарда үшінші орын үшін өткен матчта Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері Жапония құрамасымен кездесті. Матч 8:1 есебімен аяқталды.

Бірінші кезеңде Максим Мұхаметов есеп ашты. Бұл бастапқы жиырма минуттағы жалғыз гол болды. Екінші кезеңде Саян Данияр, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков және Батырлан Мұратов тағы төрт гол соқты. 

Жапония құрамасының жалғыз голын Юто Гондира соқты. Қорытынды кезеңде қазақстандықтар тағы үш гол соқты. Әли Қасенов, Мұхаметов және Данил Бутенко ерекше көзге түсті.

Бұған дейін Лейк-Плэсидте өткен Универсиадада хоккейден Қазақстанның студенттік құрамасы Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания және Словакия құрамаларын жеңген болатын. Алайда ол АҚШ пен Канада құрамаларынан жеңіліп қалды.