Тағайындау • 23 Қаңтар, 2023

Сот әкімшілігінің басшысы тағайындалды

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Сот әкімшілігінің басшысы тағайындалды

«Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды», деп жазылған хабарламада.

Найиль Ахметзакиров 1983 жылдың 30 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласында өмірге келген.

Мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • Қазақ гуманитарлық заң университеті (2004), «Заңтану» мамандығы
  • Ресей Федерациясының қазіргі гуманитарлық академиясы (2008), «Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит» мамандығы
  • Заңтану магистрі, «Прокурорлық қадағалау» мамандығы
  • Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру курстары
  • Аға әділет кеңесшісі

Еңбек жолын Зырян ауданы прокурорының көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы прокуратура басқармасының аға прокуроры, институт бөлімінің аға прокуроры болып бастаған. Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасарына дейінгі жолда бірқатар лауазымды қызмет атқарған.

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

  • Медальдар: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін», «Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі ведомстволық медальдары, «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының құқықтық статистика органдарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті;
  • І дәрежелі «Прокуратура үздігі», ІІ дәрежелі «Прокуратура озаты», «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгілері;
  • Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамотасы;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының «Құрметті профессоры» (13.06.2018 жылғы №45 бұйрық)