Қазақстан • 23 Қаңтар, 2023

Ташкентте ЭЫҰ СІМК 26-шы отырысы өтеді

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-24 қаңтарда Ташкент қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ЭЫҰ СІМК) 26-шы отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ташкентте ЭЫҰ СІМК 26-шы отырысы өтеді

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысады.

Іс-шара барысында Ұйымға мүше мемлекеттердің экономика, логистика, экология, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланады.

«Министрлер кеңесінің қорытындысы бойынша Ташкент коммюникесін және басқа да бірқатар құжаттар мен ЭЫҰ есептерін қабылдау көзделіп отыр», деді Қазақстан СІМ ресми өкілі А.С. Смадияров.