ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров атап өткендей, Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімін жылына екі рет 1 қаңтар мен 1 шілдеде жаңартады.
«2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша біз сайлаушылар тізіміне 11 970 406 сайлаушыны енгіздік, олар тұрақты тұратын учаскелер бойынша алдын ала бөлінген. Сайлаушылардың ең көп саны – Түркістан облысында (1 177 507), ең азы – Ұлытау облысында (138 277)», деді Константин Петров.
Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау 19 наурызға тағайындалды. ОСК шешімі бойынша Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау бір күнде өтеді.