67 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін Абзал Серік Камбоджа спортшысы Вантхунгпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Қазақстан спортшысының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Абзал Серік турнирдің финалына шығып, құрлық біріншілігінің алтын жүлдесі үшін күреседі.
Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы сапында Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) және Махмұд Сабырхан (57 келі) Азия чемпионатының финалына шыққан еді. Сондай-ақ бүгін Қазақстан атынан Сабыржан Аққалықов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Ерхат Бекзат (92 келі) және Аманат Сабырғали (+92 келі) сынға түседі.