
Министр 2022 жылдан бастап республикалық мәртебеге ие болып, еліміздің барлық аймағына таралатын арнаның жұмысымен танысып, әріптестермен ой-пікір алмасты.
Д. Қыдырәлі ақпарат саласындағы негізгі мәселелер мен жаңалықтарға тоқталып, масс-медиа туралы заң жобасының журналистерге беретін артықшылықтарын атап өтті.
Кездесу соңында министр телеарна қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.