Спорт • 23 Қаңтар, 2023

Рыбакинаның рейтингі жоғарылады

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швен­­­текті ұтып, Аустралия ашық бірін­ші­лігінің ширек финалына шық­қан Елена Рыбакина WTA рейтин­гін­дегі жағдайын біршама жақсартты.

Рыбакинаның рейтингі жоғарылады

Осыған дейін үздіктер тізімінде 25-орында тұрған жерлесіміз жоғарыдағы табысынан кейін бірден тоғыз сатыға жоғарылады. Қазіргі кезде Елена 16-орынды иеленді. Жалпы, ол әр жылдары ТОП-10 теннисшінің қатарына енетін 10 ойыншыны жеңген екен. Алайда әлемнің бірінші ракеткасы деген атағы бар спортшыны алғаш рет ұтып отыр. Егер алдағы уақытта да жеңісті жолы жал­ғасатын болса, онда Рыбакинаның бүгінгі­ден де жақсы нәтижеге қол жеткізетіні сөзсіз.

Ал WTA мен ATP рейтингінде өзге үздік ойыншыларымыз мынадай сатыларға жай­ғасты: Александр Бублик – 36, Юлия Путин­цева – 44, Тимофей Скатов – 153, Михаил Кукушкин – 221, Бейбіт Жұқаев – 302.