ANTIKOR • 24 Қаңтар, 2023

Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайласы ұсталды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры А.Мұхамедиұлына және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайласы ұсталды

Жүргізіліп жатқан тергеу аясында А. Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш. Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.