Қауымдастықтың мәліметінше, БАҚ қызметкерлері ел астанасындағы Эвин түрмесіне жеткізілген. Саида Шефияға «қазіргі режімге қарсы үгіт-насихат жүргізді» және «ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді» деген айыптар тағылды. Тағы екі журналистке қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегіндегі наразылықтар басталғаннан бері Ислам Республикасында 79 журналист қамауға алынған.