фото: Polisia.kz
Облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкеткерлері Сәтбаев қаласындағы жеке индустриялық аймақ аумағында темір контейнерлер тиелген жүк көлігін тоқтатқанын хабарлады. Сондай-ақ полицейлер кәсіпорынның екі қызметкерін және Сәтбаев қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар ЖШС-нің бірінде жүргізуші болып жұмыс істеп, жанар-жағармай жеткізумен айналысқан. Қызметкерлер жүктің бір бөлігін ұрлап, бөшкелерге құйып, бірте-бірте жинақтаған.
Оқиға орнында 35 металл бөшке мен екі цистерна табылды. Олардың барлығына жалпы салмағы 10 тонна дизель майы құйылған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 8 миллион теңгені құрады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың сыбайластарын анықтау жұмысын бастады.