Тағайындау • 24 Қаңтар, 2023

Лвин У Мьянманың Қазақстандағы елшісі қызметін қоса атқарады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың қыркүйегінен бері Мьянманың Ресей Федерациясындағы елшісі болып келе жатқан Лвин У Мьянманың Қазақстандағы елшісі қызметін қоса атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лвин У Мьянманың Қазақстандағы елшісі қызметін қоса атқарады

Лвин У 1961 жылы 31 қаңтарда дүниеге келген. Мьянманың Қорғаныс академиясын, Штаб колледжін және Ұлттық қорғаныс колледжін бітірген.

Еңбек жолын Мьянманың Янгон қаласындағы әуе күштері базасында лейтенант-ұшқыш ретінде бастады. Қауіпсіздік офицері, әуе кемесінің командирі, Ұшу оқу базасы штабының ұшу даярлығы мектебінің командирі, авиациялық техниканы өндіру және жөндеу жөніндегі штабты басқарды. Генерал-майор - Әуе күштері штабының бастығы дәрежесіне дейін жетті.

2015 жылы Мьянманың Непалдағы елшісі болып тағайындалды. Әрі қарай өз елінің Бангладеш пен Филиппиндегі елшісі болды.

2021 жылы Ресейдегі елшілікке ауысқан.