Теннистен Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Латвияның мықтысы Елена Остапенкомен күш сынасты.

1997 жылдың жазында Ригада дүниеге келген Елена да осал ойыншылардың санатынан емес. Бұл күндері WTA тізімінде 17-орында тұрған ол кезінде ТОП-5 теннисшінің қатарына еркін енген еді. 2017 жылы Остапенко Ролан Гарроста қарсылас шақ келтірмей, 2018 жылы Уимблдонның жартылай финалына дейін жетті. WTA турнирлерінде 11 рет топ жарды. Ал бұл бәсекеде Қазақстанның теннисшісі тағы да өзін жақсы қырынан көрсетті. Ол қарсыласынан барлық жағынан басым болып, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда Елена америкалық Джессика Пегуланы жеңген беларусьтік Виктория Азаренкомен күш сынасады.
Әйелдер арасындағы өзге ширек финалдық сайыстарда мына теннисшілер өзара шеберлік байқасады: Каролина Плишкова (Чехия) – Магда Линетт (Польша) және Арина Соболенко (Беларусь) – Донна Векич (Хорватия).
Қазақстанда қанша шетелдік көлік заңдастырылды?
Қоғам • Бүгін, 12:10
Қазақстандық атқыш қыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Спорт • Бүгін, 11:58
28-30 наурызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 11:43
Бибісара Асаубаева кешірім сұрады
Шахмат • Бүгін, 11:35
Бас мүфти TikTok-та қате уағыз айтатын имамдарға ескерту жасады
Дін • Бүгін, 11:22
Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновты қабылдады
Президент • Бүгін, 11:11
Ұқсас жаңалықтар