Жазу үстелінің түсі ашық қоңыр. Оның бетіндегі тақтайы бір ағаштан жасалған, көлемі (139,7х70,0х3,0 см). Үстелдің пішіні тіктөртбұрышты болып келеді. Лакпен жылтыратылып, жиектері қоңыр түсті текстурный қағазбен қапталған. Үстелдің оң жағындағы тартпаның ішіне артық заттарды қоюға болатын орын бар. Сонымен бірге сол жағындағы шағын үш тартпаның да көлемі бірдей. Тартпалардың жиегі алтын түсті жолақтармен безендірілген. Үстелдің аяғы мықты, берік. Айта кетейік, жазу үстелі 1980 жылы Германияда жасалған.
Бұл үстелді жазушыға туған бауыры Раунақ Есенберлин Рига қаласында тұрғанда сатып алып беріпті. Осы жазу үстелінде қабырғалы қаламгер әдебиетіміздің қазынасын байытқан бірқатар сүбелі шығармасын өмірге әкелген.