Қоғам • 25 Қаңтар, 2023

Таразда сәби саудалау күдігімен екі медицина қызметкері ұсталды

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, қала аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жаңа туған нәрестелерді сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда сәби саудалау күдігімен екі медицина қызметкері ұсталды

Аталған факті бойынша, қалалық прокуратураның хабарламасында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сәби саудалау күдігімен Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі медицина қызметкері ұсталды.

«Бұл тұлғалар Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеуі қалалық прокуратураның бақылауында», деп хабарлады Тараз қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар

Халыққа жылу сыйлаған

Еңбек • Бүгін, 08:12

Бағаны өсіруге негіз жоқ

Инфляция • Бүгін, 08:03

Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Саясат • Бүгін, 07:58

Жер берудегі заманауи формат

Саясат • Бүгін, 07:48

Фокус, команда және нәтиже

Саясат • Бүгін, 07:45