Теннис • 25 Қаңтар, 2023

Жарысты жеңіспен бастады

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде барша жұрттың назары Мельбурнде өтіп жатқан Аус­тра­лияның ашық біріншілігіне ауғанда, әлем­нің басқа да қиырында теннистен халықаралық турнирлердің жалауы желбіреді.

Жарысты жеңіспен бастады

Соңғы уақытта өрелі өнерімен көзге түсіп, АТР рейтингінде 144-орынға дейін көтерілген Тимофей Скатов Чилидің Консепсьон қаласында ұйымдастырылған «Челленджер» санатындағы додаға қатысуда. Био-Био өзе­нінің жағалауында жерлесіміз өзінің тұсау­кесер кездесуін әлемнің 166-ракеткасы, тайпейлік Вун-Лин-Вумен өткізіп, өте шиеленісті ойында 7:5, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңде Скатов АТР тізімінде 230-орында тұрған колумбиялық Николас Мехиймен күш сынасады. Дәл осы турнирде Михаил Кукушкин де өнер көрсетуде. Ол кеше боливиялық Уго Деллиенмен кездесті.

Ал Үндістанның Пуна қаласында ITF World Tennis Tour турнирінің тұсауы кесілді. Жүлде қоры 40 мың долларды құраған жарыста Жібек Құламбаева мен Гозаль Айнит­динова бақ сынауда. Екі аруымыз да алғашқы айналымнан сүрінбей өтті.