Хоккей • 25 Қаңтар, 2023

Болгарияны бетке алды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Софияда шайбалы хоккейден қыз­дар арасындағы (U-18) екінші диви­зионның В тобындағы әлем біріншілігі өтеді.

Болгарияны бетке алды

Өскеменде соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізген жерлестеріміз осы аптаның басында Болгарияның астанасын бетке алды. Бұл жарыста мына хоккейшілер өнер көрсетеді. Қақпашылар – Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Арина Павловская («Ақтөбе»), Кира Прицкер («Жұлдыз», Алматы). Қорғау­шылар – Әмина Маратханқызы, Вероника Ха­ликова («Жұлдыз», Алматы), Катрин Мес­кини, Полина Яковлева, Дарья Хохлова («Торпедо», Өскемен), Медина Кишекеева («Ақтөбе»), Нұрайым Серікқызы («Астана»). Шабуылшылар – Кристина Войцицкая, Кира Крухольская («ПСО», Екібастұз), Алина Жакулина, Анна Климова («Юность-Грация», Қарағанды), Алина Животовская, Мадианна Нүсіпова, София Раковская, Шолпан Тоққожа, Анастасия Филимонова («Жұлдыз», Алматы), София Зубкова («Ястребы», Сәтбаев) және Ветта Пивень («Торпедо», Өскемен).

Осы жарыста топ жарған команда келесі маусымда А тобында өнер көрсету мүмкін­дігіне ие болады.