Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023

Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шықты

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы көпқабатты үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шықты

«24 қаңтарда 02:56-да кезекші қызметке Қарағанды қаласының Степной-4 шағын ауданында өрт шыққаны туралы шақыру келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына келіп, 10 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабаттағы пәтерінде жалпы алаңы 3 шаршы метр үй заттары мен жиһаздың өртеніп жатқаны анықталды», делінген Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

ТЖД күштері баспалдақ маршымен кіреберіс пәтерлерінен 20 адамды эвакуациялаған, оның 5-уі бала. Өрт 03:30-да толық сөндірілген. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын - ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.